Жаңалықтар

«Қақпақтарды жина-өмірді сақта» акциясы



1.02.2022-07.02.2022 аралығында Павлодар көркемсурет колледжінде пластикалық қақпақтарды жинау акциясы өтті. «Қақпақтарды жина — өмірді сақта» акциясының мәні - адамдар әртүрлі контейнерлерден пластикалық қақпақтарды жинап, содан кейін добряков Клубына тапсырады. Павлодарлық еріктілер пластикті қайта өңдеуге жібереді, ал түскен қаражат ауыр науқастардың шоттарына жұмсалады. Сондай-ақ, қақпақтармен бірге сыртқы және жылы киімдер жиналды.