31 наурыз бен 04 сәуір аралығында төртінші курс білім алушыларының сурет, кескіндеме және арнайы технологиялар пәндері бойынша қорытынды емтихандар өтті. Қорытынды емтихан сессиясының мақсаты білім алушылардың білім мазмұнының талап етілетін сипаттамаларға нақты сәйкестігін анықтау болып табылады: осы білімді игеру сапасы мен көлемі, сонымен қатар оны оқу, ғылыми және практикалық қызметте қолдана білу. Көрсетілімдер барысында төртінші курс білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті.