Жаңалықтар

Челлендж: «Ана тілім – арым бұл!»



4 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған іс-шаралар аясында біздің білім алушылар «Ана тілім-арым бұл!» атты Республикалық челленджге қатысты. Білім алушылар Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың тілінде мақал-мәтелдер дайындап, өтіп бара жатқандарға айтып берді.